Қала мен Сала

Тазалық – қала айнасы

Қала тазалығын сақтауда қоқыс жәшіктері мен контейнерлердің өзіндік маңызы бар.

Қоқыс жәшіктері сан қырлы

Осы ретте Астана көшелеріндегі көзге көріне бермейтін қоқыс жә­шіктерінің де белгілі бір мөлшерде халықты тазалықты сақтауға, мәдениеттілікке шақы­рып тұрғаны даусыз.
Дегенмен тек қолдағы артық затты тастайтын кезде болмаса, ондай жәшіктер көзге түсе бермейді. Қоқыс жәшігін тұрғын үйлер мен мекемелердің кіреберісінен, көшелер мен саябақтардағы кез келген орындықтың жанынан, әр аялдамадан кездестіруге болады. Жалпы, бүгінде қалада 8412 қоқыс жәшігі орнатылған. Сәулетшілер де бұл жәшіктерді алыстан көз тартатындай сәнді қылып жасап, жұртшылықты тәнті етуге ерекше мән беруде. Бұл – жәшіктердің көлемі мен пішіні әртүрлі. Кейбірі қоқысты тұмсығымен шоқып тұрған құс тәріздес болса, тағы бірі ою-өрнекпен безендіріліп, енді бірі гүл вазасына ұқсастырып жасалған. Тіпті кейбір қоқыс жәшігінің үстінде жаз мезгілінде гүл де өсіріледі. Бұл жәшіктерді қазір шойын мен темір материалдардан жасауда. Өйткені ағаштан жасалған жәшіктердің кейбірі темекі шоғынан отқа оранып, күлге айналған.

Қала сыртындағы полигонға Астанадан тәулігіне мың тонна қалдық шығарылады. Алайда оның әзірге тек 10 пайызы ғана қайта өңдеуге жарамды. Ал бұл көрсеткішті болашақта 45 пайызға жеткізу көзделуде. Ол үшін түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Мысалы, қаладағы контейнерлерге де ерекше мән берілуде. Жалпы, елордадағы контейнерлер саны 11320-ны құрайды. Оның 116-сы жартылай жер астына орнатылса, 639-ы полиэтилен, пластик сияқты құрғақ қалдықтарды сұрыптап тастауға арналған сары контейнерлер, қалғаны – органикалық заттар тасталатын жасыл және темір контейнерлер. Жер астына орнатылған контейнерлердің тиімділігі қоқыстар жел соққанда да ұшпайды әрі күннің ыстығында жағымсыз иіс шығармайды. Ал сары контейнерлер тұрмыстық қалдықтарды зауыттағы сұрыптау жұмыстарын жеңілдетіп, қайта өңдеудегі көрсеткішті 25 пайызға арттыруға септігін тигізбек. Шілде айынан бастап орнатыла бастаған сары контейнерлер саны жыл соңына дейін 6 мыңға жетпек. Тұрмыстық қалдықтарды қала сыртындағы полигонға тасымалдау қызметін көрсететін «Астана клин сити» компаниясында 60 жүк көлігі мен 400 жұмысшы жұмылдырылған. Аталмыш компанияның өндірістік бөлім басшысы Баршагүл Сағымбекованың айтуынша, қалдықты сұрыптап тас­тауды тұрғындар жақсы қа­былдап жатқан көрінеді. Алайда бұл жобаны жүзеге асырушы компания «ӨКМ операторы» ЖШС маманы Жомарт Рақым­жанның сөзінше, бұл жүйені қа­лыптастырып, тұрғындардың сұрыптап тастау­дағы санасын өзгерту үшін әлі біраз уақыт керек екен.

ҚАЛДЫҚТЫ АҚШАҒА АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ

Астанада соңғы уақытта тұр­мыстық қалдықтарды ақшаға қабылдайтын пункттер де көптеп ашыла бастады. Қазіргі уақытта елордада мұндай 10-нан аса пункт жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы 20 шақты орын ашылмақ.
– Әзірге қалдықтың 11 түрі қа­былданады. Олардың бағасы ши­кізатқа байланысты 3 теңгеден басталып, 100 теңгеге дейін барады. Мысалы, полиэтилендердің келісі – 70 теңге болса, пластиктердің келісі – 40 теңге. Ал жиналған қал­дықтарды біз «Ағайындар Kz», «Kagazy Recycling» сияқты шикізаттан өнім жасап шығаратын қазақстандық компанияларға жөнелтеміз. Полиэтилендер 500 жылға дейін шірімейді. Егер оны пайдаға жаратса, үш рет пайдаға жаратылады. Пластиктерді асфальт төсегенде де қолданады, – дейді тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын «Астана клин тайм» компаниясының менеджері Әсет Абаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button