Қала мен СалаҚала тіршілігі

Тазалық сақшыларының сайысы

Экологиялық айлық аясында елордада көппәтерлі тұрғын үй кешені тұрғындарының қатысуымен «Таза ойындар» өткізілді. Эко-жарысты қала әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының «ӨКМ операторы» және «Clean City NC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «BI Service» басқарушы компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=190]

Эко-ойындарға Ұлы Дала көшесінде орналасқан Nova City тұрғын үй кешенінің тұрғындары қатысты. Тұрғындар командаларға бөлініп, алдын ала белгіленген ұзындығы 1 шақырымға жуық аумақты қоқыстан тазартты. Шараға бас-аяғы 70-тен астам тұрғын қатысқан. Олардың арасында жас эко-белсенділер де бар.
Эко-жарыста тұрғындар қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберліктерін сынады. Қатысушылар сайыс кезінде 60 қап қоқыс жиналған. Пластик, шыны, макулатура және алюминий банкілер сынды 300 келі шикізат қайта өңдеуге жіберілді.
Ұйымдастырушылар эко-жарыстың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыстады.
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button