Денсаулық

Тәжіктермен тәжірибе алмасты

Тәжікстандағы қазақстандық медицина күндері аясында елордасындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жетекші мамандары Душанбе қаласында екі мастер-класс және үлгілі операция жасады.Екікүндік іс-шараның мақсаты – Қазақстан және Тәжікстан денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, екі елдің өзара қатынасын кеңейту, білім және тәжірибе алмасу.

Іс-шара форумнан басталып, форум барысында 30-дан астам қазақстандық делегаттар отандық денсаулық сақтау секторында реформалар туралы презентациялар жасады. Тәжік әріптестер инновациялармен және үздік технологиялармен танысуға, сұхбат алаңдарына қатысуға және травматология, онкология, кардиохирургия, нейрохирургия, репродуктология салаларында заманауи технологияларды қолдану, медициналық туризмді дамыту, денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.Форум барысында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры профессор Нұрлан Батпенов және  Әбу-Әли ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетінің ректоры М. Гульзода мен Травматология және ортопедия республикалық клиникалық орталығының директоры Б.Ганиев бірлескен ғылыми, клиникалық және білім беру қызметі саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі елдің медициналық ұйымдары арасындағы өзара түсіністік екі мемлекет азаматтарына медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында диагностикалау мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Институт медициналық туризмді дамытуға, медициналық және білім беру қызметтерін дамытуға ниет білдіріп отыр.ТОҒЗИ дәрігерлері Тәжікстан Травматология және ортопедия республикалық клиникалық орталығы базасында 3 дәрежелі дисплазиялық коксартроз болған жағдайда ұршықбуынды эндопротездеу бойынша бір үлгілік операция жасады, сколиозды түзету және омыртқа бағаны жарақаттарын хирургиялық жолмен емдеу бойынша екі семинар өткізді.Іс-шара аясында қазақстандық мамандар Душанбе қаласының 10 медициналық ұйымдары базасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы 20-дан астам меморандумға қол қоюды, үлгілік операциялар көрсетілетін мастер-кластар және тегін консультациялар беруді жоспарлап отыр.

Тәжікстандағы қазақстандық медицина күндері алдағы уақытта сындарлы және өзара тиімді  ынтымақтастық үшін тәжірибе алмасу, ғылыми және іскерлік байланыстар орнату алаңына айналады.

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button