Жаңалықтар

Тәжірибелер зерделенуде

ЭКСПО

3 қарашада Берлинде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы «жасыл» технологияларды қолдану тәжірибесін жетекші еуропалық елдермен алмасуға бағытталған «Энерготиімді өмір салты» дөңгелек үстелін өткізді. Берлин энерготиімділікті арттыру мәселелеріндегі көшбасшы-қалалардың бірі болып табылады. Сондықтан, Германия елордасының осы мәселедегі тәжірибесі Қазақстан үшін ерекше қызықты.

Іс-шараның басты мақсаты – «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбын және оның «Энерготиімді өмір салты» тақырыпшаларын талқылау. Ол энергия пайдаланудағы сапалы жақсартуларды, атап айтқанда, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін неғұрлым аз энергия көлемін тұтынуды білдіреді.

«Болашақ энергиясы» тақырыбы таяу болашақта үздік әлемдік тәжірибе, инновациялық технологиялар әзірлеудің, өндірудің және пайдаланудың өзектілігін тұрақты дамудың міндетті шарты ретінде ерекшелейді. Осы орайда, дөңгелек үстелдің тақырыбы болып инновациялық технологияларды қала жоспарлауға ендіру энерготиімді өмір салтының маңызды құраушысы ретінде таңдалды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өкілдері, жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ Marjan Colletti (Ұлыбритания), Elvira Ockel (Германия), Giovanna Rossato (Италия), Andre Schmidt (Германия), Marco Poletto (Ұлыбритания), Әсия Нұрдыбаева сияқты «жасыл» технологиялармен және шешімдермен айналысатын белгілі сәулетшілер қатысты.

Алғашқы сөзін қатысушыларға Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов арнады. Содан соң «Болашақ энергиясы: басты тенденциялар, шақырулар және келешек» панельді сессиясы барысында қатысушылар энерготиімділіктің жаһандық және өңірлік деңгейлерде дамуының алғышарттарын, мінез-құлық стереотиптерінің өзгеруін және жауапты, энерготиімді өмір салтының қалыптасуын талқылады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Мазмұн және көрмеден кейінгі пайдалану департаменті директорының орынбасары Эльмира Ермекова Астанадағы Халықаралық көрмені өткізуге дайындық барысы туралы айтып берді.

«Тұрақты қалалық жоспарлау, «жасыл» тәжірибелер мен бастамалар» панельді сессиясында қазақстандық және шетелдік сарапшылар тұрақты қала құрылысының басты элементтерін, энерготиімді дизайнды және жаңартылмалы технологиялар ендіруді, сондай-ақ «жасыл» жобалау әдістерін және экотұрақты кеңістікті ұйымдастыру қағидаларын ұсынды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Сәулет департаментінің бас менеджері Зәуре Айтаева Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес, ЭКСПО-2017 шеңберінде Астанада сынақтық энерготиімді ауданды іске асыру туралы айтып берді.

«Инновациялық шешімдер» панельді сессиясы барысында семинарға қатысушылар адам өмірінің келешекті дамуының модельдерін, жетекші зерттеу институттарымен тұрақты дамудың сәулет тұжырымдамаларын шығаруды талқылады, сондай-ақ ұсынылған инновацияларды Қазақстанда қолдану мүмкіндігін бағалады.

Конференциялар, жыл сайынғы халықаралық форумдар, дөңгелек үстелдер және «ЭКСПО-2017» көрмесіне дейінгі кезеңнің басқа да іс-шаралары «Болашақ энергиясы» тақырыбын дамытуға және тереңдетуге, заманауи тенденцияларды байқауға және энерготиімді адам болашағының «сценарийлерін» болжауға мүмкіндік береді.

* * *

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен құрылды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметінің негізгі мақсаты –  Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және  өткізу.

ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада 2017 жылы 10 маусым және 10 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100 ел, кемінде 10 халықаралық ұйым, инновациялық технологиялардағы 10 көшбасшы-компания қатысатыны жоспарланады. Жалпы алғанда, көрмеге 5 миллионға жуық келіп-кетулер және 2 миллионнан астам келушілер күтілуде.

Қосымша ақпарат алу үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз-қызметі:

тел.: +7(7172) 919463

e-mail: pressa@expo2017astana.com

www.expo2017astana.com

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button