Жаңалықтар

Тбилисиде – Абай мүсіні

Грузия астанасында Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылды.

[smartslider3 slider=2827]

Ескерткіштің ашылу салтанатына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қатысты. Аталған іс-шара Қазақстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

«Бұл екі ел арасындағы достығымыздың тағы бір нышаны болары сөзсіз. Абай мұрасы тек біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін зор құндылық болып табылады. 2020 жылы біз Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Көрсетілген осынау құрмет үшін Грузия Үкіметі мен халқына алғыс айтамыз» деді Тбилисиге жұмыс сапарымен барған Қайырбек Өскенбаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button