Мәдениет

«Театр әлемі» концерт-қойылымы өтеді

Бүгін Халықаралық театр күніне орай Астанадағы Музыкалық жас көрермен театрында «Театр әлемі» концерт-қойылымы өтеді. Қойылым алдында Астана қалалық мәдениет басқармасы атынан аталған театр қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталады, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz

Концерт-қойылымның режиссері – Асхат Маемиров. Отандық және әлемдік композиторлардың үздік туындыларынан құралған концерттік бағдарлама симфониялық және эстрадалық ансамбльдердің сүйемелдеуімен өтеді. Барлық әндер жанды дауыста театр артистерінің орындауында шырқалады.

Сонымен қатар, үздік драматургиялық шығармалар мен поэзиялар кешті одан әрі жандандыра түседі. Ән мен поэзияның әсерлі әлемі көрерменнің көңілін баурап, жүрек түкпіріндегі мейірімі мен махаббатын қозғап, ақыл-парасатпен апталған адамгершілік сынды асыл қасиеттерін оятады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button