Мәдениет

Театр саңлағын еске алды

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академия­лық қазақ музыкалық драма театрының 32 жылдығына орай театр негізін қалаушы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, еңбек ардагері Шәміл Жүнісов еске алу мақсатында сахна шеберінің он жыл бойы тұрған ­Ж.Жирентаев көшесіндегі үйге ескерткіш-тақта орнатылды.

Шығармашылық ғұмырын ұлттық театр сахнасында өткерген өнер майталманы 200-ге тарта рөлдерде ойнады. Шәміл Жүнісов дүниеге әкелген рөлдер – бірін-бірі қайталамайтын, бір-біріне әсте ұқсамайтын кейіпкерлер бейнесінің легі.

Жиынды қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Жалмағамбетова ашып, Шәміл Сыздықұлының мұрасы жайында сөз сөйледі.

Жиын барысында елордамыздағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаушылары Рымкеш Омарханова, Болат Ыбыраев, Мұрат Мақсұтов сөз сөйлеп, әріптестері Шәміл Жүнісовті еске алды.

Салтанатты жиында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қаза музыкалық драма театрының директоры Айболат Жанғалиұлы осы шараны ұйымдастыруға қолдау білдірген сахна саңлағының жары Ғалия Давыдқызына, театр қызметкерлеріне, Астана қаласы Мәденит басқармасына, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ризашылығын білдіре келіп, «Бүгін ерекше тарихи күн. Өткенді саралап, болашаққа бағдар жасайтын, бір-бірімізді бағалайтын күн деп білемін. Шәміл Жүнісов ағамызға арнап ескерткіш-тақта орнатылды. Осы шараның басты қолдаушысы Ғалия Давыдқызына алғысымды білдіремін» деді.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button