Мәдениет

Театр төрінде –қонақтар

28 қазан мен 1 қараша аралығында «ТЕАТР ALL Nur-Sultan theatre week» театр фестивалі өтеді. Театр апталығы аясында 11 шығармашылық ұжым 20-дан астам қойылым көрсетеді.

Нұр-Сұлтандағы театр фестивалі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Оған құрметті қонақ ретінде Малая Броннаядағы Мәскеу драма театрының және С.Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ театрының ұжымдары қатысады. Фестиваль бағдарламасында танымал спектакльдер, шеберлік сыныптары, заманауи және бейнелеу өнерінің көрмелері және тағы басқа мәдени шаралар өткізу жоспарланған.

Айта кету керек, іс-шараларға кіру міндетті түрде Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ келушілер маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button