Елорда тынысы

Театр ұжымы ревакцинациядан өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжым болып қалалық №2 емханада қауіпті індетке ревакцинациядан өтті.

[smartslider3 slider=811]

Қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы – ол вакцинация. Соңғы уақытта әлемде де, елімізде де ауру саны қайтадан өсуде. Сондықтан театр директоры Асхат Максимұлы өзі бастап өнер иелері екпенің ревакцинация кезеңіне қатысты. Алдағы уақытта театрға көрермендердің келуіне мүмкіндіктер жасалып жатыр. Сондықтан ең бірінші кезекте сахнада өнер көрсететін театр әртістері ревакцинациядан өтті. Көрермендердің қауіпсіздігі үшін және сахнада еңбек ететін шығармашылық өкіл иелерінің денсаулығы үшін қоғамдық ортада қауіпсіз жүру мақсатында үшінші кезеңдегі ревакцинацияға үн қосып, вакцина компонентін салдырды. Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров осыдан 6 ай бұрын «Sputnik V» вакцинасын қабылдаған еді. Театр директорымен бірге режиссер Мекан Жұмабаев, театр актері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асылхан Төлепов, театр актері Ермахан Аймахан «Sputnik V» вакцинасын алған еді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button