Денсаулық

Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?

Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша азаматтарға МӘМС қаражаты есебінен тегін дәрі-дәрмек беріледі.  

Бүгінгі күні емханаларда МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 261 атауы 68 сырқат бойынша және ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 386 атауы 52 сырқат бойынша қамтамасыз етіледі.

МӘМС аясында, яғни «Сақтандырылған» мәртебесі болған жағдайда дәрі-дәрмекпен диспансерлік есепте тұрған жекелеген сырқаттары бар науқастар  қамтамасыз етіледі. Мысалы, темір тапшылығы бар фертильді жастағы әйелдер темір препараттарын, атеросклероз ауруы бар және диспансерлік есепте тұрған пациенттер өз аурулары бойынша қанды сұйылтатын дәрілер (антикоагулянттар) мен басқа да препараттарды ала алады. Яғни, динамикалық бақылауда тұрган әр пациент өзінін сырқаты бойынша алуға құқылы.

Айта кетейін, биыл 1 қаңтардан бастап артериялық гипертензия және аритмия аурулары бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін азаматтарда сақтандыру мәртебесі болуы керек.

Сондай-ақ МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан диспансерлік есепте тұрған азаматтарға да тегін дәрі-дәрмек беріледі. Олардың қатарында психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар пациенттер, органдар мен тіндерді трансплантациялаудан кейінгі пациенттер, қант диабеті, бронх демікпесі, екпе гипертензиясы, жүректің ишемиялық ауруы және басқа да сырқаттарға шалдыққан науқастар қамтамасыз етіледі.

Жанат МҰРАТҚАЛИЕВА,

№ 13 қалалық емхананың бөлімше меңгерушісі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button