Денсаулық

Тегін дәрімен қамтылды

Биыл 9 айда Нұр-Сұлтан қаласында 190 313 пациент 9,12 млрд теңге сомаға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Соның ішінде 40716 науқас індетке шалдығуына байланысты антибактериалдық, қызу түсіретін препараттар мен антикоагулянттарды тегін алған.

[smartslider3 slider=732]

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық антибиотиктер, ыстық түсіретін, құрамында темір бар, басқа да спецификалық препараттар және т.б. қажетті дәрілер бар. Тегін берілетін дәрі-дәрмектер немесе МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі, медициналық көмек алу, т.б. бойынша қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Қордың елордалық филиалына 1406 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button