Елорда тынысы

Тегін шай таратты

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері мен белсенділері «Шапағат» сауда үйінің маңында қала тұрғындарына тегін шай таратты. Игілікті іс-шараға арнайы барып, қала тұрғындарының ықылас-ниетін білдік.

– Астананың аязды қысы басталды. Осындай кезде адамның тәнін ғана емес, рухын жылытатын акциялар қажет. Біз мейірімділікті, ізгілікті, қайырымдылықты насихаттаймыз. Әрине, мұндай істерді атқаруда жылы сәлемдесу, жылы шай беру және т. б. акциялардың орны бар. «Шапағат» сауда үйінің маңында адам қозғалысы қалың. Адамдар әртүрлі жұмыспен жүр. Солардың бойын жылытатын шай таратып жатырмыз. Түске дейін «Тұлпар» сауда орнының маңында және Есіл ауданы «Жағалау» жақта да акцияны жалғастырамыз. Игілікті іске барша жастар ұйымын атсалысуға шақырамыз, – деді орталық жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.

Аязды күні тұрғындарды ыстық шаймен жылытуды мұрат еткен акцияның нәтижесін де көрдік. Әрі-бері өткен тұрғындар талғамына қарай шай ішіп, бойын жылытып, ерікті жастарға алғыс білдіріп жатты.

Шай ішіп тұрғандар арасында өзін Забира Бөкенбаева деп таныстырды. Ол баласын емханаға көрсетіп, үйіне қайтып барады екен.

– Көпбалалы анамын. Баламды дәрігерге көрсетіп, үйге қайтып барамын. Дауыс күшейт­кішпен «тегін шай ішіңіздер» дегеннен кейін келдім. Шай ішіп, бойым жылыды. Рақмет жастарға! – деді ол.

Жастар лидері тегін шай таратумен қатар, қарттардың ауласын қардан тазалау акция­сы жүретінін айтты.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button