Тегін жаттығулар өтеді

Елорда тұрғындарының 33 пайыздан астамы спортпен тұрақты түрде айналысады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын 406 552 адам қамтылды. Бұл тұрғындардың жалпы санының 33,08%-ын құрайды.
Нұр-Сұлтан қаласында 1016 спорт нысаны бар, оның ішінде: дене шынықтыру және спорт нысандары – 804, оқу орындары – 215, спорт мектептері – 9 (оның ішінде жеке – 352). Мұнда күніне 7000 мыңнан астам адам айналысатын 32-ге жуық ірі спорт нысаны бар.
«Көктал-2», «Өндіріс», «Үркер» және «Теміржолшылар» елді мекендерінде төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі, яғни, «Көктал-2» мен «Өндіріс» елді мекендерінде қазір оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. «Үркер» мен «Теміржолшылар» спорт кешенінің құрылысын аяқтау 2022 жылдың соңына жоспарланған.