ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ТЕЛЬМАНҒА ДЕЙІН ТЕБЕМІЗ ВЕЛОСИПЕД

IMG_5498

Астананың инфрақұрылымын дамытуда экологиялық таза көліктерге арналған тұрақтар мен веложол мәселесі жиі көтеріледі. Жақында Сәулет және қала құрылысы басқармасы оған да қолайлы жағдай туғызуды қолға алатынын мәлімдеді.

Тарата айтсақ, таяу болашақта Сарыарқа көпірінен Тельман елді мекеніне дейін велосипедшілерге арналған спорттық-сауықтыру бағы­тындағы кешенді инфрақұрылым түзіледі. Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий: «Жолдың ұзындығы 22 шақы­рымдай болады. Ол жерде көлік тұрағы, велосипедті жалға алу пункт­тері, ұсақ-түйек керек-жарақ сататын, қызмет көрсететін орындардың болуын қарастырамыз. Оған қоса, қаламызда осыған сұранып тұрған сегіз маңызды бөлік бар. Мәселен, біреуін біз Ильинка елді мекенінде жасаймыз. Қаланың ескі бөлігінде Есіл­дің жағалауын пайдаланамыз. Яғни, бір сөзбен айтқанда спорттық-дене шынықтыру бағытындағы веложолдар салуға мүмкіншілігіміз жетеді. Ал, оны көлік жүйесіне кіріктіру өз алдына бөлек мәселе. Ол үшін жаңа нормативтер енгізуге тура келеді» дейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button