Қоғам

Телеарналар таралымындағы олқылық

Қазір елімізде теледидардың халыққа, көрермендерге берері көбейді. Цифрлы форматқа көшкелі телебағдарламалардың көрсетілім сапасы түбегейлі жақсарды деуге болады. Ұлтымыздың тілінде жүретін бағдарламалар саны артты. Тартымдылары прайм-тайм уақытында берілетін болды.

Бірақ, меніңше, әлі де түзей түсетін мәселелер аз емес. Мысалы, «Алма ТВ» деген кабельді арна, «Отау ТВ» спутниктік желі бар. Екеуінде 300-ге жуық арна жұмыс істейді. Елімізде өндірілетін 30-ға жуық канал спутниктік желіде тегін таратылады. Қалғандары пакеттеліп сатылып ұсынылады. Осы пакетпен сатуға келгенде ана тіліміздегі арналарды ыңғайлы қылып топтастырып, бірге неге ұсынбасқа?

«Домбыра», «Абай», «Той думан», т.б. жаңадан қосылған арналарды орысша, ағылшынша берілетіндердің арасынан іздеп әзер табасың. Жаңағы тегін тарататын Отау ТВ-да мүлдем жоқ. Ал Ресейден таралатын арналар өте көп, пакеттердің 70 проценті асып түседі. Ішінде сұранысы, сапасы сын көтермейтіндері аз емес. Осыны түзеп, бақылап отыратын ұлтымызға жаны ашитын мемлекеттік мекеме бар ма екен деген сұрақ туындайды.

  Бейсенбек Әлкенов

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button