Жаңалықтар

ТЕЛЕФОН ЛАҢКЕСТЕРІНЕ – ТОСҚАУЫЛ

Үстіміздегі жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодесінің 242-бабына өзгеріс енгізіліп, дайындалып жатқан терроризм актісі ту­ралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін кінәліге тағайындалатын жаза мөлшері ұлғайтылды және ауыр санаттағы қылмыстар қатарына жатқызылды.

Қылмыстық кодекстің 242-бабының бұрынғы редакциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделсе, қазіргі қолданыстағы қылмыстық кодексте алты жылға дейін бас бостандығын айыру түріндегі жаза қолдану көзделген.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының аумағы бойынша өткен жылдың өзінде қалалық ішкі істер департаментіне дайындалып жатқан тер­роризм актісі туралы азаматтардан 9 хабарла­ма түссе, биылғы жылы 1 хабарлама түскен. Бұл хабарламалар халық көп шоғырланатын орын­дарда жарылғыш тектес зат орнатылғандығы немесе сезікті заттың тұрғандықтары жөнінде болған. Барлық хабарламалар құзырлы мемлекеттік органдарымен мұқият тексеріліп, олардың барлығы өз орындарын таппады.

Алайда, азаматтардың құзырлы органдарға жарылғыш затына ұқсас заттың тұрғандығы жөніндегі үрей тудырып берген хабарлама­ларынан басқа, телефон арқылы қалжыңдап бомбаның немесе жарылғыш заттың орнатылғандығы жөнінде жалған хабарлаушы­лары да бар, яғни телефон лаңкестері. Осын­дай жалған хабарламалар таратудың көбеюі, қылмыстық кодекстегі жазаны қатаңдатуға себептің бірі болған.

Өткен жылы дайындалып жатқан терро­ризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін телефон лаңкестеріне қарсы ҚР ҚК-нің 242-бабымен үш қылмыстық іс қозғалды.

Мәселен, бұрын сотты болған А.В.Ликин себепсізден-себепсіз Астана қаласының ІІД-нің жедел басқару орталығына теле­фон арқылы мемлекеттік органдарға тиісті шара қолданбаса, Астана қаласы, Көкшетау қиылысы 11-үйде орналасқан дүкенді жарылғыш затпен жаратындығы жөнінде жалған хабарлама берген. Өзінің қылмыстық әрекетімен Ликин құзырлы мемлекеттік органдарға 175 274 теңге көлемінде шығын келтірген.

Осы дерек бойынша Астана қаласы Сарыарқа ауданының ІІБ-мен А.В.Ликинге қарсы ҚР ҚК-нің 242-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды.

2012 жылдың қаңтар айының 27-ші жұлдызында Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен А.В.Ликинге қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісін қолдану арқылы өндірістен қысқартылды.

Қылмыстық істің қысқартылуына себеп, аталмыш бап Ликиннің қылмыс жасау ба­рысында ауырлығы орташа қылмыстар санатының қатарында болған.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен Астана қаласы Алматы ауданының сотына А.В.Ликиннен мемлекетке келтірілген 175 274 теңге көлеміндегі шығынды өндіру жөнінде талап арыз берілді, қазіргі таңда талап арыз қаралу үстінде.

Алдағы уақытта сотпен телефон лаңкестеріне қатаң жаза қолданылатыны сөзсіз.

Б.МЕЛДЕБЕКОВ,

Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім бастығы 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button