Жаңалықтар

Телефондағы «Дәрігер»

Еліміз «Дәрігер» атты мобильдік қосымшаны іске қосты. Осы жобаны жұртшылық андроидтық телефондарға «Гугл плей» арқылы көшіріп алып, кез келген сырқаттың анықтамасын, алғашқы белгілері мен  емдеу жолдарын қазақ және орыс тілдерінде дәрігердің көмегінсіз-ақ біле алады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры Бейбіт Есенбаевтың айтуынша, бұл – халыққа қосымша медициналық ақпарат беретін көмекші құрылғы. Онда қай ауруды қалай емдеуге болатыны туралы толыққанды мәлімет енгізілген. Сонымен қатар мобильдік нұсқаның жадында түрлі кесілдің алдын алуға қатысты пайдалы кеңестерді де оқуға болады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button