Қоғам

Telegram кеңсесінде отандық мамандарға басымдық беріледі

– Telegram кеңсесін ашу бойынша, біз олармен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Олар Қазақстанда жеке кеңсе ретінде тіркелді. Олар қызметкерлерді жалдайды, соның есебінен елімізде жоғары технологиялық платформамен жұмысы тиімді бола түседі. Иә, қызметкерлер негізінен қазақстандықтар. Әр компания бос жұмыс орындары туралы өздері жариялайды, оны бақылау керек, – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Еске сала кетейік, Telegram-ның Қазақстанға жауапты кеңсесі Астанада ашылатын болды.

Бүгін Үкіметтің цифрландыру және жасанды интеллект тақырыбына арналған көшпелі отырысы өтті. Белгілі болғандай, келер жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект курсынан өтеді.

Сондай-ақ, Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық қызметтің дені халық үшін күрделі екенін айтып, процесті жеңілдетуді жүктеді.

Одан бөлек, Үкімет басшысы нейрондық желілер арқылы төтенше жағдайларды болжап, алдын алу мүмкіндігі туралы айтты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button