Мәдениет

Тележурналист тағылымы

Тұңғыш Президент кітапханасында белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің өмірі мен шығармашылығына арналған «Бейсен және болмыс» кітабының тұсаукесері өтті. «Отбасы хрестоматия» қоғамдық қорының кезекті бұл басылымы өткен жылы жарық көрді.

[smartslider3 slider=3631]

«Бейсен Құранбек сынды айтулы тұлғаның кетуі барша қазақстандықтардың қайғысына айналды. Ол өз бағдарламаларында ерекше өткір әлеуметтік мәселелерді көтеріп, қоғамды олардың шешімі туралы ойлануға талпындырды. Оның бойында жоғары кәсібилік парасаттылықпен, жан дүниесінің кеңдігімен, қарапайымдылықпен ұштасып жатты. Бейсен Абайұлына берілген қысқа мерзім – өте жарқын да абыройлы өмірдің үлгісі» деді «Отбасы хрестоматия» қоғамдық қорына қазіргі жастар арасында дәстүрлі адами құндылықтарды насихаттау үшін алғысын білдірген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Тұсаукесер барысында кітап авторы Санжар Керімбай Бейсен Құранбекпен таныстығы, кездесулері мен сұхбаттары, журналистің өмірлік философиясы мен алға қойған мақсат-мүдделеріне тоқталды. Оның айтуынша, шығарма Б.Құранбектің талантына табынушыларды ғана емес, өзін тануға ұмтылатын, болмыс философиясы мен логотерапия ғылымына қызығатын оқырманды да қызықтырады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button