Қоғам

Темекі тұқылын тастап тұтылды

okyrok

Темекі тұқылын көрінген жерге тастаған адамдар да әкімшілік жазаға тартылады. Күні кеше тартқан шылымын қоқыс жәшігіне емес, тура балалар ойнайтын аулаға лақтырған азамат полицияның құрығына ілінді.

«Участок» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде учаскелік инспектор Бауыржан Қасенов Сейфуллин көшесіндегі, 29-үйдің маңайында бір азаматтың темекі тұқылын тастағанын байқап қалған. Инс­пектор бірден 18 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама толтырып, арнайы шешім шығаруға құжатты Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберген. Сот «Ұсақ бұзақылық» ісі бойынша әлгі азаматқа 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Бұл – 21210 теңге деген сөз.

Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззәт Бисембаеваның мәлімдеуінше, бүгінге дейін учаскелік инспекторлар 3493 ұсақ бұзақылықты анықтап, материалдарды сотқа жіберген. Оның ішінде 378 азамат әкімшілік қамауға алынса, 3115-іне айыппұл салынған.

Полиция қызметкерлері кез келген бұзақылық елеусіз қалмайтынын, әкімшілік жазаға іліккендер не айыппұл төлейтінін, не 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынатынын ескертеді.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button