ЖаңалықтарҚұқық

ТЕМЕКІНІ АБАЙЛАП ТАРТЫҢЫЗ

Елордада жыл басынан бері рұқсат етілмеген жерлерде темекі тартқан 12 300 факті тіркелген.

018

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда шылым шегу мен ішімдік ішу, қоқыс тастау, абаттандыру ережелерін және тыныштықты бұзу, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алу секілді ұсақ бұзақылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын орындау мақсатында жыл басынан бері 51 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркеген.
Жақында абаттандыру ережесі бойын­ша рұқсат етілмеген жерде өз көлігін жуған екі қала тұрғынына 20 АЕК мөлшерінде (42 420 теңге) әкімшілік айыппұл салынды. Жыл басынан бері алкогольдік ішімдік ішкен немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келген 14 180 адам ұсталды. Ұсақ бұзақылық жасаған 3200 адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге 15 400 абаттандыру ережелерін бұзу фактісі тіркелген.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button