Қоғам

Теміржолшылар төл мерекесін атап өтуде

Жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде Қазақстан темір жолы қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Бүгінде ұлттық компанияда 110 мыңнан астам адам еңбек етеді. Дәстүр бойынша мереке қарсаңында теміржолшылар өткен жылғы жұмысты қорытындылап, басты жетістіктерін атап көрсетеді. деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Соңғы үш жылда компания өзінің өндірістік және қаржылық қызметінде ең жоғары тарихи жетістіктеріне қол жеткізді. Атап айтқанда, пайдалану жүк айналымы: 270 миллиард тонна-километр, транзит: 27,4 миллион тонна, ҚХР-мен тасымалдау көлемі: 28 миллион тонна болды, 255 локомотив сатып алынды, 4 жыл ішінде шамамен 500 локомотив сатып алынады, 150 жолаушылар вагоны сатып алынды, 2030 жылға дейін 700 жуық вагон жеткізілетін болады.

Темір жол төсемін жыл сайын жөндеу көлемі 2 есеге ұлғайды (1400 км), компанияның кірісі 2021 жылы 1,3 трлн теңгеден 2023 жылы 2 трлн теңгеге дейін өсті, 2023 жылғы пайда 134 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдан 4 есе көп; бұл Компанияның соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіші, компания қызметкерлерінің жалақысы 2020 жылғы деңгейге қарағанда 2 еседен астам өсті.

Ел басшылығының елдің көлік-транзиттік әлеуетін ұлғайту жөніндегі міндеттері ойдағыдай орындалуда. Мәселен, Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз, Жетіген-Қазыбек бек темір жол желілерін салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Достық-Мойынты екінші жолы бойынша қозғалыс 2024 жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Қытайдың Сиань құрғақ портында Қазақстанның жүк терминалы салынды; терминалды пайдалана отырып, Орталық Азия, Ресей, Закавказье және Еуропа бағыттарында жеделдетілген контейнерлік сервис ұйымдастырылды. Селятино станциясында (Мәскеу облысы, РФ) CRK Termina жаңа көлік-логистикалық орталығы салынуда. Әлемдік ірі компаниялармен (Huawei, Wabtec, PSA) бірлесіп теміржол көлігі жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық жобалар іске асырылуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button