#Жаңа Қазақстан

Теміржолшыларды не толғандырады?

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демократиялық партиясы республикалық штабының мүшелері Алматының еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғас­тыруда.

«Ақжолдықтар» локомотивтерге техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу­мен айналысатын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын – «Қамқор Локомотив» компаниясының Алматы локомотив депосының ұжымымен кездесті. «Қазақстан аумағында біртұтас нарық, біртұтас экономикалық кеңістік болуы үшін барлық өңірлерді, өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыру өте маңызды. Бұл іргелі жұмыста негізгі салмақ теміржолға түседі. Бүкіл ҚТЖ жүйесін Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір қызметін атқаратын халықаралық көлік-логистикалық компанияға айналдыру жобасы әзірленуде. Қытай мен Батыс арасындағы контейнерлік тасымал көлемінің өсіп келе жатқаны да кездейсоқ емес» деді партия жетекшісі.

Кездесу барысында Азат Перуашев партияның саяси бағдарламасының алты негізгі бағытын атады: тәуелсіздік және «Алаш» ұлттық идеясы, демократия және парламентаризм, сыбайлас жемқорлықпен және деофшоризациямен күрес, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика, кәсіпкерлік пен отандық өндірушілерді қолдау, салиқалы сыртқы саясат.

Компания қызметкерлері КСО олигополиясына қатысты мәселелерді көтерді. Демпартия басшысы 2017 жылдан бері «Ақ жол» фракциясы кірме жолдарды рейдерлік басып алу мен «КСО» АҚ-ның тарифтерді күрт көтергені туралы бірнеше рет депутаттық сауал жолдағанын еске салды. Бірақ, тек Президент Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасынан кейін ғана монополиясыздандыру жөніндегі үкіметтік комиссия жолдарды заңды иелеріне қайтаруға қол жеткізіп, вагондардың өту тарифтерін 12 есеге төмендетті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button