Мәдениет

Тенді еске түсірді

Атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің 30 жасқа толуына орай «Барыс Арена» спорт кешенінің мұз айдынында 4 күнге созылған Denis Ten Memorial Challenge 2023 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәнерлеп сырғанаудан ел спортына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан тарихында алғаш рет 2013 жылы әлем чемпионатында күміс және 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола жүлде алған Денис Тенді әлі күнге дейін жұрт есінен шығарған емес.

Өмірден өткеніне 5 жыл болса да, спортшымыздың құрметіне дәстүрлі түрде төртінші рет мұз айдындағы шоу ұйымдас­тырылды.

Биылғы бәсекеде, еліміздегі жас шәкірттерден бөлек, 23 елден келген қонақтар бақ сынады. Сондай-ақ елорда төріндегі мұз айдынына өнер көрсетуге марқұмның достары да келді. Атап айтар болсақ, Еуропа чемпионы Алёна Косторная, Георгий Куница, Мари-Пьер Лере, Хан Гиль Ким, Чжу Хон Лим, Арлет Леванди, Аделия Петросян, Дженифер Ян Сван Ренсбург, Бенджамин Стефан сынды жұлдыздар көрерменге өз шеберлігін паш етті.

«Денис Тенді еске алу турнирі 2 мәрте Алматыда, 2 рет Астана қаласында өтті. Өйткені біз қос мегаполистің де спорт жанкүйер­лерін шоудан құр қалдырғымыз келмейді. Әлем жұлдызына айнала білген жерлесіміздің академиясы бүгінде жұмыс істеп жатыр. Бүгін Олимпиаданың қатысушылары, халықаралық жарыстың жүлдегерлері қойылым көрсетіп, керемет әсер сыйлады деп ойлаймын» дейді Denis Ten Memorial турнирінің баспасөз хатшысы Ботагөз Алдоңғарова.

Жарыс атақты мәнерлеп сырғанаушылар мен олардың шәкірттерінің қатысуымен өткен гала-қойылыммен аяқталды.

Денис Теннің шоуынан түскен қаржы отандық мәнерлеп сырғанаудың дамуына жұмсалады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button