Жаңалықтар

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ШАЙ КӨРМЕСІ

Chitra-Collection_400x267

Астана күні мен ҚР Ұлттық музейінің бір жылдығына орай елордада шай әзірлеу өнеріне арналған тұңғыш халықаралық «Chitra by Newby» көрмесі өтеді. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

«Қазақстандағы Ұлттық музей әлемдік өнердің орталығына айналды. Бұған дейін басқа елде ұйымдастырылмаған шайлар жиынтығының көрмесі тек музей ісі мамандарының емес, жалпы қоғам қызығушылығын тудырып отыр» деді министр.
«Chitra by Newby» коллекциясы – шай тарихымен байланысты жалғыз жеке антиквариаттар жиынтығы. Оның құрамына Еуропа, Азия мен Америкада жасалған қолданбалы өнер туындыларының 1500-ден астам үлгілері бар. Көрмеге кел­гендер Қытайдың Сун динас­тиясынан бас­талатын құнды жәдігерлермен танысып, шай ішу мәдениетінде қалыптасқан дәстүрлер мен көне сусынның тарихын біліп қайтады.
Таңдамалы жәдігерлердің 100-ге жуық данасы қойылатын көрме ҚР Ұлттық музейінде 6 шілдеде ашылып, үш ай бойы жүреді.

Күнайым СӘКЕН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button