Жаңалықтар

Теңге неге құлдырауда?

3 қыркүйекте күндізгі сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 369 теңгеге жуықтады.

Басты себеп – Ресейге қарсы санкциялар, доллардың басқа валюталарға қатысты бағамының нығаюы мен нарықтағы үрейлі болжамдар. Мұндай пікірді «Astana Best Consulting Group» экономисі Арман Байғанов айтып отыр.
Сарапшының айтуынша,  таяуда рубльдің долларға қатысты бағамы 59 тиынға әлсіреп, 68,14 рубль болған. Осы орайда ресейлік сарапшылар инфляцияның үдей түсетінін болжап отыр.
«Кеше рубль әлсіреді. Ал доллар әлі де нығайып жатыр. Рубльдің 1 пайызға әлсірегенін көрген біздің халық белсенді түрде доллар сатып алып жатыр. Нарықта дүрбелең болып жатыр», – деді экономист.

 Дереккөз: Tengrinews.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button