Жаңалықтар

Теңге төрге шыққан күн

 Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Мемлекеттік архивте теңге күніне арналған «Теңге – тәуелсіздік символы» көрмесі ашылды.Көрмеде жұрт назарына 1923-1937 жылдардағы мемлекеттік жинақ кассасының жұмысына қатысты архивтік материалдар, ұлттық валютаны қолданысқа енгізу, алғашқы банкноттардың, монеталардың дизайнын әзірлеу және өткен 26 жылда теңгенің өзі қалай өзгергені туралы архив деректері қо­йылды. Сонымен қатар, нумизмат-­антиквар Рашит Абдразаков пен Арсен Сексенбаевтың жеке коллекция­сынан небильзер мен күмістен жасалған монеталардың бірегей коллекциясы, банкноттар мен экспонаттар, алтыннан жасалған кәдесый мерейтойлық банкноттар, 1898 жылғы сирек патша бондары, 1909 жылғы Коншиннің қолы қойылған Мемлекеттік несиелік билеттер ұсынылды.
Қалалық архивтің директоры Мейрам Бектембаев шараға келген қонақтарды құттықтап, көрмені ұйым­дастыруға атсалысқан коллек­ционерлерге алғыс білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button