Теннис орталығына – 15 жыл
Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Дәулет» теннис орталығының 15 жылдық мерейтойы аталып өтті.
«Дәулет» теннис орталығының жаңа ғимаратын 2019 жылы атақты теннисшілер Рафаэль Надаль мен Новак Джокович салтанатты түрде ашқан болатын.
– Орталық әлемдік стандарттардың барлық талабына сәйкес етіп жасалған. Бастысы, іші заманауи стильде жабдықталған. Мұнда теориялық сабақтарға арналған әдістемелік залдар, тамақтану орындары бар. Ал ашық және жабық теннис корттары өте әдемі. Орталыққа Қазақстан теннис федерациясы үнемі қолдау көрсетеді. 15 жылдық құтты болсын! – деді аталған кәсіпорынның алғашқы басшысы Қуандық Елжанов.
Салтанатты іс-шарада орталықта 10-15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер Астана қаласы әкімінің орынбасары атынан алғыс хаттармен марапатталды.