Sport

Астанада теннистен «Президент кубогы-2016» халықаралық турнирі өтеді

0001

Жарыс 25-31 шілде аралығында Ұлттық теннис орталығында ұйымдастырылады.

Халықаралық турнир барысында кәсіпқой ерлер мен әйелдер шеберлік байқасады. Сонымен қатар, балалар мен әуесқой спортшылар да бағын сынайды. «Президент кубогы» турниріне қатысатын спортшылар саны жыл өткен сайын артып келеді.

– Президент кубогы өте маңызды жарыс. Себебі, көптеген үздік теннисшілер келеді. Әрине, жарыс ұпайлар жағынан ғана емес, құрама командалары, теннистің дамуы жағынан да маңызды. Президент кубогы Қазақстандағы ең үлкен жарыс. Жүлде қоры – 125 мың АҚШ доллары, 25-26 елден теннисшілер келеді, Германия, Франция, Ұлыбритания, – деді Қазақстанның теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев.

Кубокта 12 жасқа дейінгі балаларда жарысқа түседі. Осылайша, жас спортшылар әлемнің жетекші теннисшілерінің ойынын тамашалап, шеберлік дәрістерге қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Аталған спорт түрінің әуесқойлары да додадан тыс қалмайды. Спортшылар ІІІ Astana Open – 2016 республикалық турнирінде күш сынасады.

–  Жарысқа үлкен көңіл бөлеміз. Бұл жарыс – теннис мейрамы. Оған әйелдер мен ерлер де, 12 жасқа дейінгі балалар да қатысады. Балалар рейтинг ұпайларын жинайды. Жарыс әуесқой теннисшілер арасында да өтеді. Астанада инфрақұрылым мүмкіндік беретіндіктен дода осында өтіп жатыр. Қалада 24 корт бар.

Айта кетейік, дәстүр бойынша шілде айының соңында өткізілетін жарыста бапкерлер де бас қосады. Шара барысында олар да өзара тәжірибе алмасатын болады.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button