Елорда тынысы

Теннисшіге ізгі тілегін жеткізді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен теннисшіміз Елена Рыбакинамен кездесті.

[smartslider3 slider=3487]

«Елена Рыбакина. Әлемдік аренада теннистің жаңа жұлдызы жанды» деді қала басшысы.

Танымал теннисші Елена Рыбакинамен бірге Теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский, қалалық әкімдікке қарасты «Дәулет» МКҚК директоры Дина Темірғалиева да қатысқан кездесу барысында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, жаттықтырушыларды даярлау, салауатты өмір салтын насихаттау проблемалары талқыланды. Мәселен, қалада үлкен теннистен оқу-жаттығу сабағы өтетін 5 спорт орталығы жұмыс істейді. Сол сияқты инклюзивті топ бар. Елорда әкімі осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, осыған дейін спортшыларға арнап бас-аяғы 115 грант бөлінгенін, гранттар саны көбейгенін атап өтті.

«Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағытында спорт орталықтарына қажетті жабдықтармен көмектесуді жалғастырамыз. Осы жылдың 5 айында тәрбиеленушілер халықаралық және республикалық турнирлерде бас-аяғы 35 медаль жеңіп алды. Елена Рыбакинаның жеңісі спортшыларымызға ерекше ынта беріп, еліміздегі үлкен теннистің дамуын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар мен ересектерді бұқаралық спортқа жұмылдыру үшін тиісті жағдай жасау бойынша жұмыс істейміз, балалар мен жасөспірімдер спортын, федерацияны қолдаймыз!» деді А.Көлгінов.

Кездесу соңында елорда әкімі Елена Рыбакинаны, оның командасын, жанкүйер қауымды үлкен жеңісімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button