ӘлеуметДенсаулық

ТЕРЕЗЕ – БАЛАЛАРҒА ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС

3ac3fb5aae07dcd5cb6b436797b571140a035942_725

Жақында менің учаскеме қарайтын 4 жасар бала абайсызда терезеден құлап, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Екінші қабаттан құлаған балдырғанның сау тамдығы жоқ. Әсіресе, басы мен бүй­регі күл-талқан болған. Міне, төрт ай бойы аурухана төсегінде таңылып жатыр. Құлдыраңдап шауып жүрген сап-сау баланың аяқ астынан ауру болып қалуы бала дәрігері мені де бей-жай қалдырмады.

Жалпы балалардың құлауы көп жағдайларда ата-ананың жауап­сыздығынан деп білемін. Себебі, әлі оң-солын танып үлгермеген балаға ата-аналар жауапкершілікпен қарап, абай болу керек. Кішкентай  балаларға терезе – қызықты  зат. Әр ата-ана оның балаларға ойыншық  еместігін ұғындыру керек. Екі  жас­қа дейінгі  баланың бойы тере­зеге  жетпесе, екі-үш  жастағы бала­ның терезеге көтеріліп көше­де болып  жатқан жағдайды қызық­тауға шамасы келеді. Қазіргі за­манғы терезелердің көбі шыбын-шіркейден қорғайтын тор пер­де­лермен жабдықталған. Бұл шы­бын-шіркейден қорғағанымен, ба­ла­ны құлап кетуден сақтай ал­­майды. Мұндай торкөздер ба­ла­лардың салмағын көтермей жыр­тылып, айырылып кетеді. Екі жылдың өзінде тек №2 бала­лар ауруханасында 1-14 жас ара­лығындағы 57 бала терезеден құ­лап, төртеуі мерт болған екен. Сон­дықтан әрбір адам шыбын-шіркейден қорғайтын тор пердені қолданбау жағын қарастырып, мүм­кіндік болса, терезенің жоғары, баланың қолы жетпейтін бөлігіне шынжыр ілгек орнату керек. Терезенің тұтқасын мүлде алып тастау немесе кілтпен ашылатын тұтқа орнату, қауіпсіздік пен сырт­қы көркемдікке арналған ар­наулы құлып-қоршау қолдану сынды сақтық шаралары да бала­ларыңызды оқыс жағдайдан құт­қаратыны анық.

Жалпы, кішкентай балалар бір­деңе бүлдірерде тып-тыныш болып кетеді. Баланың психологиясы сондай. Сондықтан ата-аналар бала­ларым шуламай кетті деп жай­барақат отырмай, қандай жағдайда болсын, олардың қайда не істеп жатқанын қалтқысыз бақылап отырғаны жөн. 

Анар МИЗАН,

№1 қалалық емхананың телімдік педиатрлар бөлімшесінің дәрігері

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button