Жаңалықтар

Терроризмге қарсы күрес комиссиясының құрамы бекітілді

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма екінші сессиясының жұмысына Астана әкімінің орынбасарлары Е.Нағаспаев, А.Балаева, аудан әкімдері, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары С.Ахметов және елордалық басқарма  басшылары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. 

Сессияда бес мәселе қарас­тырылды. Алдымен қалалық мәс­лихаттың №12 округі бо­йынша депутат Жарқын Жан­ғожаұлы Жұмағұловтың өтініші қарастырылып, Астанадан сырт­қарырақ орналасқан елді мекенге мемлекеттік қызметке ауысына байланысты оның депу­таттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Сонымен бірге елордалық тек­серу комиссиясының жаңа мүшелері тағайындалып, терроризмге қарсы күрес комиссия­сының құрамы бекітілді.

Астана қаласы әкімі аппа­ра­тының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің жетекшісі Дәулет Досқұловтың айтуынша, елорда әкімдігінің қаулысына сәйкес, қала әкімдігі жанынан Астана қаласының терроризмге қарсы күрес комиссиясы құрылған болатын. Ол терроризмге қарсы әрекет ету саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлес­ті­руді жүзеге асырады. Ал, терроризмге қарсы күрес комиссиясының төрағасы – Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Аталған комиссия құрамында Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, аумақ­тық бөлімшелердің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері бар. Олар орталық-мемлекеттік органдардың және жергілікті басқару орган­дарының тер­роризмнің алдын алу және тер­роризмнің салдарын жою жөнін­дегі қызметтерін үйлестіруді жү­зеге асырумен бірге, терроризмге қарсы әрекет ету саласында мемлекеттік саясатты орындауды басты міндетіміз деп санайды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button