Жаңалықтар

Терроризмнен қорғану түсіндірілді

Паралимпиада орталығында терроризм және экстремизм туралы дәрістер өткізілді.

[smartslider3 slider=920]

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елорда әкімдігі жанындағы дінді зерттеу орталығының теологтарымен бірлесіп, терроризмге қарсы қорғалу саласындағы заңнама тақырыбында дәріс өткізді. Шара барысында Қазақстан Республикасының ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, терроризм актісі қатері кезіндегі іс-әрекеттер және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар жастарға деструктивті идеялар, діни сауаттылық деңгейін арттыру туралы ескертілді. Қоғамда, ең алдымен жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейтуге, сондай-ақ халықтың бойында зайырлы мемлекеттің дәстүрлеріне, мәдениеті мен құндылықтарына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button