Руханият

Тіл – достықтың көпірі

Достық үйінде мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңыздылығын насихаттау мақсатында «Тіл – достықтың алтын көпірі» байқауы өтті. ҚХА-ның 25 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы жыл сайынғы «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты байқауын ұйымдастырды.

 

Сайысқа Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының филиалы, «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығы, «Юнчи» дүнген этномәдени орталығы, «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігі, «Лад» республикалық славян қозғалысының астаналық филиалы, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы қатысты.
Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар қазақтың дәстүрлерінен көрініс қойды. Екінші кезеңде көрермендер назарына «Қазақстан Халқы Ассамблеясындағы ­этномәдени орталықтың маңызы» немесе «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбында бейнероликтер ұсынылды. Үшінші кезеңде қатысушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
«Әр мемлекеттің өз тілі болмаса, мемлекет болып саналмайды. Елбасының «Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату» деген сөзі бар. Мемлекет бар жерде тіл болуы керек. Ана тіліміз –мемлекетіміздің негізі. Тіл бар жерде мәдениет те, діл де, саясат та болады» деді Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.
Байқау қорытындысында 1-орынды «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігі, 2-орынды «Юнчи» дүнген этномәдени орталығы, 3-орынды Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының филиа­лы иеленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button