Руханият

Тіл көсегесі қашан көгереді?

Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілгеніне табаны күректей 30 жылға аяқ басты. Елбасы мінбер сайын тілге тиек етті, қыруар қаржы жұмсалды. Үкімет айтса «бәрі болып жатыр, бәрі бітіп жатыр, 2025 жылы Қазақстан халқы 100 пайыз қазақша сөйлейтін болады» дейді.Нәтижесі қайда? Нәтижесі – қағаз бетінде ғана. «Тілдерді дамыту» жөніндегі соңғы бағдарлама бойынша 2020 жылы Қазақстан халқының 95 па­йызы қазақша сөйлеуге тиіс. Мектеп қазақша сөйлемей, халық қалай қазақша сөйлемек?! Парламент қазақша сөйлемесе, қаймана жұрттың қазақшасынан не қайыр?! 30 жылда қазақша дайындалған жалғыз ғана заң қабылдаған (Әкім Ысқақтың «Көші-қон туралы» заңы) Парламентке не айтпақпыз?!
Мектеп қазақша сөйлемей жатыр деп кім айтады? Лауазымдылар осылай деп дүрсе қоя береді. «Бүгінде елордадағы 88 мектептің тең жартысы – аралас мектеп. Бір аралас мектептегі 110 сыныптың 97-сі – орысша, сабағы орысша, оқушысының басым бөлігі – қазақ балалары.
Бірақ жағы талмайтын жаны қазақ, зар жақ қайраткерлер тағы да талап етіп жатыр. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы биік мінберден айқайлады, «Мәжілістен қаралатын барлық заң қазақ тілінде әзірленсін!». Бірақ хакім Абайдың сөзін қайталаған «баяғы жартас» Мұраттың сөзін де қайталамайтынына кім кепіл?!
Қазақтілді ақпарат, баспасөз журналистері де басын көтерді. Олардың айтуынша, министрліктердің қызметкерлерінен қазақша тіл қататындар көп емес. Сонда қазақ тілінің көсегесі қашан көгереді?

Бодаухан ТОҚАНҰЛЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button