ЖаңалықтарМәдениет

ТІЛ МӘРТЕБЕСІНЕ – ШИРЕК ҒАСЫР

DSC_5685

Елбасының Жарлығымен қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан халқының тілдері күні болып белгіленді. Осыған орай Астана қаласында биыл Тілдер фестивалі XVІ рет шымылдық ашты.

Аталған фестиваль қалада 5 қыркүйек күні салтанатты түрде ашылып, белгіленген бағдарламалар аясында «Үздік жарнама», «Тіл – халық жанын танудың кілті», «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқаулары, жас ақындар мүшайрасы, «Отан – отбасынан басталады» атты мерекелік іс-шара, «Кемел тілдің келешегі» акциясы өткізілді. Сонымен қатар, қаладағы мемлекеттік, құрылымдық мекемелерде, балабақша, мектеп, мәдениет, денсаулық, көлік саласы мекемелерінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданғаннан кейін алған еді. Осы ширек ғасырлық мерейтойға орай 22 қыркүйекте фестивальдің гала-концерті өтеді. Аталған мерекелік іс-шарада тіл туралы толғамдар айтылып, Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театры әртістерінің қатысуымен қойылымдар көрсетіледі. Елімізге танымал –  Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір сияқты тағы да басқа әншілер өздерінің әсем әндерін ұсынады.

Думанды кешке зиялы қауым өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің және Астана қалалық мәслихатының депутаттары, ардагерлер мен мемлекеттік мекемелер, ұлттық-мәдени орталықтар, мемлекеттік тіл қозғалысы, «Қазақ тілі» қоғамы, үкіметтік ұйымдар басшылары, жастар қауымы шақырылып отыр.

Сағи ОРАЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button