ҚоғамҚұқықРуханият

Тіл мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен елорданың кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, сұлулық салоны, дәріхана, шаштараз, қонақүй, химиялық тазарту және т.б. қызмет көрсету орындары басшыларымен тіл туралы заңнама талаптарының орындалу барысы бойынша онлайн форматында кезекті жиналысын өткізді.

[smartslider3 slider=728]

Іс-шараға «Лига-Полис» ЖШС, «Бронская И.А.» ЖК, «RSS» фирмалық қызмет көрсету орталықтарының желісі, «Мак-Сервис ЛТД» ЖШС, «Қазжол» қонақүй желісі, «Mary Jay» сұлулық салоны, «MuratPharm» ЖШС, «Жеті Аспан» ЖШС, «Карина» ЖК, «NA Beauty Bar» ЖШС, «Жұлдыз» қонақүй өкілдері және т.б. қатысты.

Жиында Тілдерді дамыту және архив басқармасы басшысының орынбасары Рысбек Минаймбекұлы сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараттарды, деректемелерді заң талаптарына сәйкестендіру және тұтынушыларға мемлекеттік тілде қызмет көрсетудің маңыздылығына жеке тоқталды.

Қызмет көрсету орындары мамандары ақысыз негізде жеделдетілген қысқа мерзімді қазақ тілін үйрету курстарына шақырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button