Құқық

Тіл сайысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Тлектес Ешейұлының бастамасымен Судьялар одағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы жақында үш кезеңнен тұратын қалалық сотта судьялар мен сот қызметкерлерінің сайысын ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=1308]

Сайысқа елорда соттарының 103 судьясы мен 86 сот қызметкері қатысып, бақ сынады. Іс-шараның басты мақсаты – орыс мектебін тәмамдаған және өзге ұлт өкілдерінен құралған судьялар мен сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілде ойын жеткізуін, тіл байлығы мен мәдениетін анықтау.

Сайыскерлер бірінші кезеңде Абайдың қара сөздерінде айтылған ой-тұжырымдардың мән-маңызын ашып, ойын ортаға салды. Ал екінші кезеңде ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармаларына тоқталса, үшінші кезеңде тәуелсіздік тақырыбына мемлекеттік тілде эссе жазды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өтеді.

 Ботагөз БАЯНОВА, Нұр-Сұлтан қаласы

сотының баспасөз қызметі жетекшісі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button