Елорда тынысы

Тіл тоғысса, діл де тоғысады

Кеше Қазақстан халқы тілдері күніне орай Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Қазақ тілі – бабамның тілі!» атты шара өтті.

[smartslider3 slider=3884]

Мемлекеттік тілдің үгіт-насихатын күшейтіп, оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында өткізілген мерекелік іс-шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наталья Дементьева мемлекеттік тілдің мәні мен маңызына тоқталды. «Еліміздің болашағы мемлекеттік тілдің дамуымен тікелей қатысты. Себебі ол – еліміздегі 130-дан астам ұлттың ділі мен тілін тоғыстыратын алтын арқау. Оның үстіне бүгін қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Міне, осындай салиқалы сәтте бір араға бас қосып, мемлекеттік тілді дамыту туралы талқы өткізіп жатқанымыздың өзі – мерей. Әрине, қазір мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – кезек күттірмейтін міндет. Өткен 10-20 жылдың алдындағымен салыстыр­ғанда, елімізде мемлекеттік тілде сөйлейтін өзге ұлт азаматтары барған сайын көбейіп келеді. Мен өзім де ұлтым басқа, орыс тілді ортада өстім, бірақ жоғары оқу орнында қазақ тілін үйреніп, 20 жыл ұстаздық еттім. Демек, ниет болса, мемлекеттік тілді үйренудің еш қиындығы жоқ. Тіл тоғысса, діл де тоғысады» деді ол.

Шараға Нұр-Сұлтан қаласындағы бір бөлім тіл жанашырлары, қазақ тілін насихаттап жүрген ақ жаулықты әжелер, сондай-ақ оқу орындарының түлектері қатысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button