Мәдениет

ТІЛ ТОПЫРАҒЫНДА ТАМЫР ЖАЯДЫ

ERA_9972

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында Тілдерді дамыту басқармасы «Отан отбасынан басталады» атты мерекелік шара өткізді.

Оған ұлағатты ұлтын, мерейлі мемлекетін сүйетін ұрпақ тәрбиелеп жүрген өнегелі отбасыларды дәріптеп, насихаттау мақсатында 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Отан отбасынан басталады» атты байқаудың жеңімпаздары шақырылды. Мерекелік шараны кіріспе сөзбен ашқан Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешов ұлтжандылық мәселесіне тоқталып, елорда азаматтарын қазақ тілінің дамуына үлес қосуға үндеді.

Мерекелік шарада танымал ақын С.Дүйсенғазин жиылған жұртшылыққа жырын арнады. Қ.Қуаншыбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театры актерлері Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» қойылымынан тіл мәселесіне қатысты тұстарынан үзінді көрсетті. Сондай-ақ, киелі сахнаның төрінде белгілі әншілердің патриоттық сезімге толы әуелеткен әсем әніне барша халық сүйсінді.

 Қуат ҚИЫҚБАЙ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button