Руханият

Тілдер мерекесі басталды

Кеше елордада Қазақстан халқы тілдері мерекесі «Тілім – тірегім» атауымен «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

[smartslider3 slider=3885]

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тілдер мерекесін қыркүйек айы бойы өткізеді. Соның аясында оннан аса шара өткізу жоспарланған.

Тілдер мерекесі аясында елорданың мекемелері мен ұйымдарында түрлі байқаулар ұйымдас­тырылады. Сонымен қатар әр ұлттардың этно-мәдени орталықтары тағылымды кездесулер ұйымдастырады.

5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыны ескерген ел Үкіметі 2017 жылы осы күнді Қазақстан халқы тілдері күні етіп бекітті. Биыл қазақ тіл білімі атасының 150 жылдығы елдік қана емес, халықаралық деңгейде аталып келе жатқанына байланысты бұл мерекенің мәні артып отыр. Кеше елордада Қазақстан халқы тілдері мерекесі «Тілім – тірегім» атауымен «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тілдер мерекесін қыркүйек айы бойы өткізеді. Соның аясында оннан аса шара өткізу жоспарланған. Атап айт­қанда, республикалық мобилографтар байқауы, ұлттық ойындар жарысы, қоғамдық көліктердегі қазақ әндерінің шеруі, табысты кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел мәжілісі, Домбыра party, қазақша караоке кеші, қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің жастарымен мотивациялық кездесу, телевизиялық ток-шоу, 9-11 сынып оқушылары арасындағы қалалық көркемсөз оқу байқауы, 3 күн бойы балабақша тәрбиеленушілерін қоса алғанда бүлдіршіндерді театрға әкеліп, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері қатысатын қойылым, қазақша куиз интеллектуалды ойыны, қазақша кітаптардың үш күндік көрмесі өтеді. Бұған қоса, аса көрнекті жазушы, драматург, Франц Кафка атындағы Алтын медаль мен Мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіктің 80 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өткізу жоспарланған. 13-17 қыркүйек аралығында «Ахаң жүріп өткен жолмен…» атты ғылыми-танымдық экспедиция өтпек. Тілдер мерекесі қала әкімдігіне қарасты барлық мекемелерде ұйымдастырылады. Қорытынды кеште жеңімпаздар марапатталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button