Қоғам

Тілсіз жауды қалай тежейміз?

Елордада 15 тамыздан бастап «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтіп жатыр. Айлық шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті BI Group компаниясымен бірлесіп «Әр үйдің қауіпсіздігі» атты ауқымды акция өткізеді.

[smartslider3 slider=19]

Шара аясында өрт сөндіретін техника мен арнайы құралдар, кинологиялық және судан құтқару жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылып, балаларға қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Статистикалық деректер бойынша 2021 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында 500-ге жуық өрт оқиғалары тіркелген. Өрттер, негізінен, отты пайдаланудағы абайсыздық, электр жабдықтарын қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу себебінен пайда болады.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button