Жаңалықтар

«ТІЛСІЗ ЖАУДЫ» ТІЗГІНДЕЙ БІЛДІ

IMG_8331

Астана әуежайында өртке қарсы техникалық жаттығулар өтті. 

Оның шарты бойынша,  «Боинг-737» әуе кемесі Астана әуежайына апатты жағдайда келіп қонды. Жерге табаны тигенде-ақ ұшақ «отқа оранып», әуежай құтқарушылары «тілсіз жауды» ауыздықтауға ұмтылды. Өртті сөндіруге 60 адамнан тұратын өрт жасақтары және 15 техника тартылды. Өрт сөндіру жөніндегі штаб ұйымдастырылып, шараны басқарудың жылжымалы пункті іске қосылды. Жаттығулар барысында әуе кемесіндегі төтенше жағдайдың алдын алып, зардап шеккендер құтқарылып, жолаушыларды эвакуациялау ойдағыдай жүргізілді. «Ақтау қаласының әуежайында болған апатты жағдай елорда әуе­жайында да өртке қарсы шараларды күшейтіп, жоспардан тыс жаттығуды өткізуге себеп болды. Бүгінде әуежайда түрлі апаттан құтқаруды қамтамасыз ететін барлық мүмкіндік бар. Заманауи құралдармен жабдықталған ИКАО-ның 9А санаты бойынша сертификатталған бес бірдей өрт сөндіру машинасы және басқа да құрылғылар азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Барлық техника нақты жағдайда тексеріліп, жеке құрамның кәсіби дайындығы да пысықталған жаттығу нәтижесі ойдағыдай болды» деді «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Жауханов.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button