ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

ТІЛСІЗ ЖАУҒА ҚАРСЫ РЕЙД

пожар

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мен Есіл аудандық ішкі істер бөлімі тұрмысы төмен отбасылар үшін өрт қауіпсіздігі жөнінде рейд өткізді.

Ұйымдастырушылар Пригородный кентіндегі он үйді аралап, есік ашқан тұрғындарға қауіпсіздік жаднамасын таратты. Балалармен тілдесіп, оларға өртті алдын алу шараларын түсіндірді. «Қалада күн сайын 6-7 өрт оқиғасы орын алады. Көпшілігінің шығу себебі – тоқ өткізгіш сымдардың ақауы. Десе де, өткен жылы ішімдікке салынған ата-ананың кесірінен тұтанған отта жанып кеткен екі баланы ұмыту мүмкін емес. Сондай жағдайларды болдырмау мақсатында біз ай сайын профилактикалық рейд өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз» дейді мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инжинері Ермек Исмаилов. Оның айтуынша, ересек адамдардың көбі өз өміріне немқұрайлы қарап қана қоймай, балаларын да тілсіз жаудан сақтандыруды ұмыт қалдырып жатады. Үйде жалғыз қалған балалармен әңгімелесу барысында олардың қауіпсіздік ережелерін біле бермейтіндігіне көз жеткіздік. Үлкендер жоқта олар үтікті де, газды да өз бетінше қосады екен. ІІБ қызметкерлері бүлдіршіндерге өрт қаупін тудыратын заттарға жоламауды ескертті.

Сонымен қатар, құтқарушылар бұрыс пайдаланылғанда үлкен қауіп төндіретін газ баллондарды қай жерде орналастырған абзал екендігін айтып, жарамдылығын тексеру әдісін де көрсетті.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button