Қала тіршілігі

ТІЛСІЗ ЖАУҒА — ТИІСТІ ТОСҚАУЫЛ

Елордалық құтқару­­шылар «Қауіпсіз демалыс» қалалық профилактикалық акциясын өткізді. Жазғы демалыстың басталуына орай ұйымдастырылған шара балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Акция барысында өрт сөндірушілер, құтқарушылар және сүңгуірлер жеткін­шектерге өрт сөндіру техникасын, ашық суда өзін қалай ұстау керектігі туралы ережелерді және алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын құрал-жабдықтармен таныстырды. Оқыту конкурстары мен викториналарға жүздеген астаналық бүлдіршін қатысты.
Деректерге сүйенсек, жазғы демалыс уақытында балалардың отпен ойнауы салдарынан өрт шығу қаупі, су қоймаларында қайғылы жайттардың болу фактілері артады екен. Былтыр өрттің кесірінен 6 бала көз жұмса, 2 бала суға кеткен. Аталмыш шараның мақсаты – осы сияқты төтенше жағдайлардың, балалар өлімі мен жарақаттануының алдын алу.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button