Жаңалықтар

ТИЯНАҚТЫ БОЛУДЫ ТАПСЫРДЫ

 2-1

Елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат отырысында қаланы абаттандыру, коммуналдық қызметтер, Астананың индустриалды паркін дамыту мәселелері талқыланды деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

 Осы аптада бас қаланы дамытудың 2016 жылға арналған бюджеті қарастырылады.

 –  Бюджет табысының бір бөлігі саналатын шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық қажетті жағдайды жасау керек. Бүгінде жергілікті бюджетке түсім мөлшері жаман емес. Алдағы уақытта да оны арттыра берген жөн, – дей келе, қала басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінген әр теңгеге мұқият болуды тапсырды.

Ә.Жақсыбеков Астананың бірінші индустриалды паркі инфрақұрылымының дамуы бойынша ескерту жасады. Бұл жерде жаңа инвесторларды тарту жұмысы тиісті деңгейде емес. Жер учаскесін алу үшін құжат тапсыру ұзақ уақытты алады. Қала әкімі аталған мәселелерді шешу бойынша нақты іс-шаралар жоспарын құруды жүктеді.

Ал қала тұрғындарының мәдени-спорттық демалысын жоспарлау бойынша әкім УЕФА чемпиондар лигасы аясында «Астана» футбол клубының алда өткізетін кездесулерін ұйымдастыру жұмыстарын тиянақты жүргізуді тапсырды. Билет сату орындарын көбейтіп, алыпсатарлыққа жол бермей, көрермендер мен жанкүйерлерді стадионға бір орталықтан жеткізу міндеттелді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button