Мәдениет

«Тобылғы торы толғауым»

Астанадағы Е.Рахмадиев атындағы Астана мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында танымал ақын, жазушы, этнограф Бауыржан Шормақұлының 60 жылдық мерейтойына орай «Тобылғы торы толғауым» әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті.

Мерейтой кешінде қаламгердің «Қайран шешем», «Ой түбінде жатқан сөз» жыр жинақтарының, сондай-ақ оның өмірі мен шығармалары жайлы жазылған «Мірдің оғы» жинағының тұсауы кесілді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев құттықтау хатын жіберіп, мерейтой иесінің алдағы шығармашылық жолына табыс тіледі.

Бауыржан Шормақұлы – Қытай қазақтарынан шыққан танымал ақынның бірі. Арғы бетте әр жанрда жазған «Қорамсаққа қол салдым», «Қоламта», «Қандауыр», «Тағдыр» сынды 20-ға жуық кітабы жарық көрген. Еңбектері үшін «Тұлпар» әдеби сыйлығы берілген. Халық мұрасының жанашыры ретінде алашшыл ақын Таңжарық Жолдыұлының мұраларын жинап, «Таңжарықтың басылым көрмеген шығармалары» жинағын шығарған. «Қайран шешем», «Ой түбінде жатқан сөз» жинақтарына автордың соңғы жылдары жазған шығармалары енген. Бетті дайындаған

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button