Шаһар шежіресі

Төл тарихымызды төрге сүйреген

Ғаббас Қабышұлы «Қазақтың жоғары білімді бірінші архивариусы, археолог, ­геологтай іздемпаз, құмырсқадай еңбекқор, ғұламадай танымпаз» деп суреттеген белгілі жазушы, драматург, тарихшы, киносценарист һәм мұрағатшы Амантай Рахымжанұлы Сатаев Ақмола облысының Ерейментау ауданында, кеншінің отбасында дүниеге келген. Мәскеудің тарих және мұрағат институтын бітірген, кейін М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсында оқыған.

1962 жылы қызмет бабымен Ақмолаға (Целиноград) келеді, осында ақмолалық ару Гүлжанмен танысып, шаңырақ көтереді. Қыздары Сәуле мен Жанар да осы қалада дүниеге келген. Амантай Рахымжанұлы 1963-1967 жж. Тың өлкесіндегі телевидениеде әдеби-драмалық редакциясының аға редакторы болып қызмет атқарған.

Партияның «Тың игеру» ұранымен КСРО-ның басқа өңірлерінен ағылғандар арасынан жат пиғыл танытып, көне зираттарды соқамен қопарып, небір содыр-сорақы әрекеттер орын алған сол бір аласапыран тұста А.Сатаев «Аққуды атпас болар!» деген кітабымен қасиетті қазақ жерінің де иесі мен киесі бар дегенді алғаш ескерткен-ді.

А.Сатаевтың замандастары оның барлық шығармашылығы қазақ халқының тарихына арнал­ғанын және де жазғандарының бәрі мұрағат материалдары мен нақты дерек-дәйектерге құрыла­тынын айрықша бағалайды.

Жазушының жары, сенімді серігі болған Гүлжан апа Амантай аға өмірден өткен соң қыз­дарымен бірігіп жазушының бай мұрағатын оқып-сұрыптап, жоғын түгендеп, барын кітап етіп құрастыру тәрізді қыруар істі атқарып келеді.

 Ғазиза Исахан

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button