Қала мен Сала

Тоғандағы су азаймайды

Шаһар тұрғындары Ботаникалық бақтағы жасанды су қоймасы деңгейінің төмендегенін байқады. Осыған орай, қала әкімдігі аталған жайтқа қатысты түсінік берді.

[smartslider3 slider=3741]

«Күн сайын түнгі уақытта Ботаникалық бақтағы су қоймасынан жасыл желектерді суару үшін су алынады. Таңертең су деңгейі қалыпты жағдайға келеді. Тоғандағы су көлемі азаймайды» деп түсіндірді әкімдіктегілер БАҚ-тың қойған сауалына.

Әкімдік сондай-ақ коммуналдық қызметтер су айдыны мен оған іргелес аумақты санитарлық тазалау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп отырғанына сендірді.

Астана ботаникалық бағы – бұл өсімдіктер дүниесін, соның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер жүргізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button