Sport

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫ ЖАСТАР ЖАРАП ТҰР

4E1s53UTbdFF8H8Buz2rwYbYwh4v4S

Осы жылдың 17-28 сәуір аралығында Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан өткен жекелей чемпионатта Астана қаласының спорт шебері Салтанат Құсайынова рапид бойынша 3 орын алса, ал шапшаң ойнаудан спорт шеберлігіне үміткер Бақытжан Хадылбек күміс медаль жеңіп алды.

Ал 1-7 мамыр аралығында Бішкек қаласында өткен ІІ Орта Азия Кубогына арналған халықаралық жарысқа Қазақстан мен Қырғызстан елдерінен жалпы саны 120 спортшы қатысқан болатын. 7 кезеңнен тұратын жарыс ерлер және қыздар арасында швейцар жүйесімен өтті. Командалық есепте Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасында да жеңімпаз атанды.

Қазақстан құрамасының сапында астаналық Нұрбек Құрманов және Гүлжан Мағауовалар бар екенін айта кеткен жөн. Алғашқысы – спорт шебері.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button